Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасы, «ҚР лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы»ҚҚ және Алматы қалалық діни бірлестіктер клубының ұйымдастыруымен шахматтан турнир өтті.
«Діни бірлестіктер клубының құрылғанына биыл 3 жыл толады. Осы уақыт аралығында клуб жұмысы өз бағасын алды. Конфессия басшылары бірігіп, дінаралық келісімді нығайту мақсатында түрлі іс-шаралар өткіздік. Еліміздегі барлық мерекені бірге атап өтуді дәстүрге айналдырдық. Спорт жарыстарын жиі ұйымдастырамыз»,-дейді Алматы қалалық діни бірлестіктер клубының басшысы Кәкімжан Бишманов.
Турнирге 40-тан астам адам қатысты. Үш сағатқа созылған жарыс тартысты өтті. Қазылар әділ бағасын беріп, жеңімпаздарды анықтады.
Шахмат турнирінің қорытындысы бойынша 1-орынды ҚМДБ өкілі Байжан Нұрахмет, 2-орынды пресвитериан шіркеуінің өкілі Сергей Ким, 3-орынды ҚМДБ өкілі Құдырет Бекжанов иеленді. Жеңімпаздар 1,2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.