сепаратизм және лаңкестікке қарсы күрес мәселелері бойынша арнайы басқосу өтіп жатыр. Оған қалалық ішкі істер департаменті, прокуратура, ішкі саясат басқармасы, Дін істері агенттігінің қалалық департаменті өкілдері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының мамандары және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының уәкілдері қатысуда.
"Соңғы уақытта елімізде бірқатар лаңкестік оқиғалар орын алып, жұртшылықтың алаңдаушылығын тудырды. Бұл оқиғалар құзырлы органдар тарапынан діни экстремизм, лаңкестік деп бағалануда. Осыған орай жастардың көкейінде жүрген сауалдарды талқылап, өзара пікір алмасу үшін осы шараны ұйымдастырып отырмыз", - дейді орталықтың қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы Жомарт Айтқазы.