Алматыда Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтеді

None
АЛМАТЫ. 5 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 12 қаңтарда Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында   көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері  Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтеді.

 Бұл жайлы бүгін Алматыда Д.Қонаев туралы фотоальбомның тұсаукесерінде айтылды. Фотоальбомның құрастырушысы, "М. Әуезов мұражай-үйінің" директоры Диар Асқарұлы Қонаевтың  айтуынша, мерейтойлық шара бұл күні Д. Қонаев пәтер-мұражайының ашылуымен басталады. Бұл бұған дейін жұмыс істеп келген Д. Қонаев мұражай-үйінің жәдігерлік  бөлімінің жалғасы болмақ. Одан кейін  Д. Қонаев ескеркішіне гүл шоғын қою рәсімі жасалып, салтанатты жиын мен концерт болады.

"100 жылдыққа арналған шаралар жыл бойы еліміздің өзге өңірлерінде өз жалғасын табады. Мәселен мамыр айында Бақанаста ескерткіш композиция ашылады. Сондай-ақ Талдықорғанда бюст қойылмақ. Бұдан бөлек "Қазақфильм" киностудиясы, "Хабар" агенттігі мен  Солтүстік Қазақстан облыстық телестудиясында 3 деректі фильм түсіріліп жатыр. Одан кейін Астанада ірі ғылыми конференция ұйымдастырылады", - дейді Диар Асқарұлы.