Өрт 26 сәуір күні таңертең «Геологтар көшесі, 1Б» мекенжайында болған.
Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, алғашқы өрт сөндірушілер оқиға орнына 06:14-те жеткен.
«Дөнер асханасында шыққан өрттің бір қабатты «Достар» банкет залының шатырына жеткені анықталды. Өрт сағат 06.56-да ауыздықталып, сағат 07.15-те сөндірілді. Өрттің аумағы - 70 шаршы метр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді ол.