Оқиға Солтүстік айналма жол мен Жеңіс көшесі тұсында болды. Тілсіз жауды ауыздықтауға 6 өрт сөндіру жасағы келді. Жапа шеккендер мен қаза тапқандар болғаны туралы ақпарат жоқ. Ендігі кезекте өрт сөндіру қызметі оқиғаның неден болғанын анықтауы тиіс.
05:58, 24 Тамыз 2017
Алматыда донер дүңгіршегі өртеніп кетті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда донер кафесі түгі қалмай өртеніп кетті. Өрт жалпы көлемі 200 шаршы метр аумақты шарпыған. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан хабарлады.