Алматыда «Допинг» жедел-алдын алу шарасы жүріп жатыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Допинг» шарасының мақсаты елімізге сыртттан келетін есірткі заттарының жолын кесу. Сонымен бірге, психотроптық, уытты және басқа да залалды заттардың арналарын әшкерелеу мен жоюға бағытталған. Қазірдің өзінде медициналық мекемелер, дәріханалар, зертханалар мен есірткі заттары мен психотроптық және улы заттарды қолдануға рұқсаты бар заңды тұлғаларды қатаң қадағалауда ұстап отыр. Желілік тексерулер барысында әсіресе, заң талаптарын сақтау, заң бұзушылықпен тіркеуге алыну, ол заттарды сақтау және қолдану мен қолданысқа шығару жағдайларына ерекше көңіл бөлінуде.
«Екі күннің ішінде емдеу- алдын алу орталықтары, өнеркәсіп орындары мен қоймалар тексерілді. Бір перзентханадан психотроптық заттарды дұрыс пайдаланбау фактісі тіркелді. Бір аға медбикенің бөлмесінен «Фенобарбитал» психотроптық заттарының 20 қаптамасы табылды. Бұл жағдайда сақтау мен есепке алынуда өрескел заң бұзушылыққа жол берілген», дейді Алматы қалалық ІІД-нің есірткімен күрес басқарасының бастығы Денис Лоскутов. Оның айтуынша, заңсыздыққа жол берген медбике қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қалыпты жағдайды сақтау мақсатында сот ол азаматшаға ешқайда шықпау туралы қолхат жаздырып алған.