Алматыда «Дос-Мұқасан» ансамблінің мүшесі болған марқұм Бахытжан Жұмаділовты еске алуға арналған қайырымдылық концерт өтеді

АЛМАТЫ. 13 сәуір. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда 20 сәуір күні студенттер сарайында ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Дос-Мұқасан» ансамблінің мүшесі болған марқұм Бахытжан Жұмаділовты еске алуға арналған қайырымдылық концерт өтеді.

Концертке «Дос-Мұқасан» ансамблімен қатар, қазақ эстардасының белгілі әншілері Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Әлібек Дінішев, Алтынбек Қоразбаев, Толқын Забирова, Жеңіс Сейдоллаұлы мен «Мұз-Арт» тобы қатысады. Кештен түскен қаражат белгілі композитор, әншіге ескерткіш орнатуға жұмсалмақ.