Алматыда «Достық» спорт кешенінің үшінші қабатынан құлап кетіп, вахтер қайтыс болды
10:23, 21 Желтоқсан 2009
АСТАНА. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат - Алматыда Бостандық ауданында «Достық» спорт кешенінің үшінші қабатынан құлап кетіп, вахтер қайтыс болды,
деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Ведомстводан хабарлағандай, оқиға жексенбі, желтоқсанның 20-сында, сағат 21.35-те орын алған. Оқиғаның себебі әзірге белгісіз. 56 жастағы ер азамат оқиға орнында көз жұмды.