Алматыда «Достық» спорт кешенінің үшінші қабатынан құлап кетіп, вахтер қайтыс болды

АСТАНА. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат - Алматыда Бостандық ауданында «Достық» спорт кешенінің үшінші қабатынан құлап кетіп, вахтер қайтыс болды,

 деп хабарлады  Төтенше жағдайлар  министрлігінен.

Ведомстводан  хабарлағандай,   оқиға   жексенбі,  желтоқсанның 20-сында, сағат 21.35-те  орын  алған.   Оқиғаның  себебі   әзірге  белгісіз.  56 жастағы   ер азамат  оқиға орнында көз жұмды.