Алматы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Қуаныш 80 мың теңгеге досымен бәс тіккендіктен, бір сағат бойы қарама-қарсы бағытпен жүруі тиіс болғаны анықталды.
«Құқық бұзушы ақша үшін және Instagram-дағы парақшасына жұрттың назарын аудару үшін әкімшілік құқықты бұзған. 22 қазан күні 23:30-да азамат Қ. Әкім Назарбаев даңғылынан Мұстафин көшесіне дейін қарама-қарсы бағытпен жүрген. Бұл әрекеті арқылы айналадағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған», - делінген соттың баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.
Бұрын жүргізушіге қатысты жол қозғалысының 7 ережесін бұзғаны үшін хаттама толтырылғаны хабарланған болатын. Бәс тіккіш жігіт әкімшілік жауапқа тартылып, көлігі айып тұрағына жіберілді.