Алматыда ДСҰ оқулары басталды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда Қоғамдық денсаулық сақтау жоғарғы мектебі қоғамдық денсаулық сақтау саласына қатысты маңызды мәселелер бойынша Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының сабақтарын өткізуді бастады. Ол осы мекемеде биылғы жылдың соңына дейін жалғасады.

Қоғамдық денсаулық сақтау жоғарғы мектебінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, оқулар барысында әйелдер мен ер азаматтардың денсаулығы, жасөспірім қыздардың жүкті болып қалуы, гендерлік саясат және психикалық денсаулық мәселелері жан-жақты қаралады. Аталған оқулар, пікірсайыс, ток-шоу, таныстырылым, тренинг және байқау түрінде болады. Оған денсаулық сақтау саласының мамандары қатысады. Оқуларды аталған мектептің кафедралары ғылыми орталықтар, ардагерлер үйлері және басқа да ұйымдармен бірлесіп өткізеді. Айта кетелік, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғарғы мектебі Алматыда 1997 жылы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының Еуропалық аймақтық бюросы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы келісім негізінде құрылған болатын.