АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Карантин уақыты мен вирус тез таралып жатқан кезде маска тағу - қорғанудың алғышарты болып саналады. Бұл туралы Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Наталья Дягилева брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, қала тұрғындары супермаркет пен дүкенге маска тағып баруы керек. Бұл коронавирустан қорғанудың бір тәсілі.
«Тұрғындар супермаркет, дүкен мен дәріханаға маска тағып барулары тиіс. Азық-түлік дүкендері медициналық маскасыз адамдарды ғимаратқа кіргізбеуге құқылы десек те қызмет көрсетіледі. Яғни тапсырысын пакетке салып, оны өздері сыртқа шығарып береді»,- деп түсіндірді Наталья Дягилева.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.