Алматыда дүңгіршекте болған өртте жасөспірім мерт болды

АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Алматыда дүңгіршекте болған өрт 14 жасар баланың өмірін қиып кетті. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады.

Өрт 5 сәуір күні Жетісу ауданында, Бөкейхан мен Ұйғыр көшелерінің қиылысында орналасқан коммерциялық дүңгіршекте болды.

Өртті сөндірумен айналысқан ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметінің 7 адамы мен 3 техникасы жалынның жайылуына жарты сағатта тосқауыл қойып, оны толығымен бір сағаттан кейін ауыздықтады. Тілсіз жаудың шарпыған жалпы аумағы 15 шаршы метрді құрады.