Алматыда дүңгіршектері бар жазғы дәмхана бұзылып жатыр
10:50, 27 Маусым 2023
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда сот шешімі бойынша дүңгіршектері бар жазғы кафені бұзу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше,Төле Би көшесінің солтүстігінде, Момышұлы көшесінің батысында сауда павильондары бар кафе сот шешімімен бұзылады.
Меншік иесі жаяу жүргіншілерге арналған тротуардың үстіне яғни, мемлекеттік қордың жерінде жазғы дәмхана мен дүңгіршектерді заңсыз салған.
Бұрын учаске жалға алу құқығымен меншік иесіне тиесілі болған.
Бүгін нысандарды бұзу және жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын заңсыз нысандардан босату басталды.