Бұл опера - композитордың үздік шығармаларының бірі болып табылады. Либреттоның негізіне 1772 жылы Швед королі Густав III өлтiрілуі туралы тарихи оқиға алынған.
Қойылымның бас дирижері, музыкалық жетекшісі - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жарасов. Қоюшы-режиссері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ләйлім Иманғазина. Қоюшы-суретші - Ресейдің еңбек сіңірген суретшісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Вячеслав Окунев. Көркемдік жетекшісі - Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Базарғали Жаманбаев. Бас хормейстері - Әлия Темірбекова. Бас балетмейстері - КСРО халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Рамазан Бапов.
Басты партияларды - Жәмилә Баспақова, Дина Хамзина, Сара Ищанова, Кирилл Борчанинов, Дина Дүтмағамбетова, Балапан Жұбаева, Бейімбет Қожабаев, Халид Нұралиев, Медет Чотабаев, Талғат Күзембаев орындайтын болады.