Тойота Прадо көлігі Өтеген батыр көшесімен солтүстікке бағыт алып бара жатқанда жолға екі адам жүгіріп шыққан. Жүргізуші тежегішті басып үлгермей екеуін де қағып кеткен.
Зардап шеккендер ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Куәгерлердің айтуынша, жүргіншілер мас болған.
Жол апатының жай-жапсарын полиция анықтап жатыр.