«Табиғат» экоодағының жетекшісі Мэлс Елеусізов аллеяны әйгілі британдық топ жетекшісінің 70 жылдығына арнап ашып отырғандарын айтады. Шара барысында «Табиғат» экоодағының белсенділері мен қала тұрғындары 30 шарын шетенінің көшетін отырғызды.
Естеріңізге сала кетейік, табиғаттықтар Джонн Леннонның құрметіне тамыздың 30-ы күні «Астана» алаңында фестиваль өткізген болатын. Мэлс Елеусізов аллеяны ашу сол шараның жалғасы екендігін атап өтті.