Алматыда дзюдодан республикалық турнир басталды
13:19, 04 Мамыр 2013
АЛМАТЫ. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-ның жүлдесі үшін дзюдодан 1996-97 жылдары туған жасөспірім қыздар мен балалар арасындағы ІІ республикалық ашық турнир басталды.
Оған Қазақстаннан өзге көршілес Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей елдерінен 200-ден астам балуан қатысуда.
Турнир жеңімпаздарының есімдері ертең ақтық сыннан кейін белгілі болады. Аталмыш бәсекеге Жәкен Жекенбаев бастаған қазылар алқасы төрелік жасауда.