17:45, 20 Наурыз 2009
Алматыда дзюдодан Т. Досмұхамедовтың жүлдесі үшін өткізілген І халықаралық турнир өз мәресіне жетті
АЛМАТЫ. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда дзюдодан КСРО мен Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері, Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетовтің жүлдесі үшін өткізілген І халықаралық турнир өз мәресіне жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Екі күнге созылған бұл байрақты бәсекеге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан республикаларынан 230 балуан қатысты. Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің спорт кешенінде өткен сайысқа Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері Виктор Якуба бастаған қазылар алқасы төрелік жасады. Жарыстың алғашқы күні ерлер - 60, 66, 73, 81 килә салмақта, әйелдер 48, 52, 57, 63 килә салмақта белдескен еді. Онда ерлер арасында қазақстандық Еркебұлан Қосаев, Медет Құсыманов, Рашид Құлбаев пен Александр Касачев өз салмақтарында жеңімпаз атанды. Әйелдер арасында жарыс қожайындарынан Александра Подрядова - 48, Алина Тен - 57, Ақбота Смағұлова - 63, ал қонақтардан 52 киләда Рима Бердіғұлова (Өзбекстан) үздік шықты. Бүгін өзге салмақтар бойынша өткен кездесулер кезінде әйелдер арасында қазақстандықтардан Марьям Орынбаева ? 70, Зарина Әбдірасылова 78 килә, қонақтардан тағы бір өзбекстандық Ирада Матмуридова 78 киләда турнир жеңімпазы атанды. Сондай-ақ ерлер арасында сайыста да бұл жолы жерлестеріміз Тимур Болат - 90, Талғат Әмренов - 100, Мұхтар Смаилов 100 барлық қарсыластарын ойсырата ұтып І халықаралық турнирдің чемпиондары болды.