Алматыда екі адам автобус жүргізушісін соққыға жықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екі ер адам автобус жүргізушісін соққыға жықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қоғамдық көлікжүргізушісіне қол көтергендердің бейнежазбасы Instagram-дағы парақшада жарияланды.

Қоғамдық көлік ішіндегібейнебақылаудан ер адамның автобусқа кіріп, жүргізушінің қасына келгенікөрінеді. Кейін олардың өзара дауласып жатқанын байқауға болады. Бір кездеавтобусқа мінген адам жүргізушіге қол жұмсайды. Олардың жанына тағы бір ер адамжүгіріп келеді.

Жолаушылартасымалдайтын «Бату Тревел» компаниясының мәліметінше, келеңсіз оқиға 21 шілде күні болған.

«Ол кезде автобусжүргізушісі жанармай бекетіне бара жатқан. Автобустың алдын кесіп көліктоқтаған. Жол-көлік оқиғасынан қашып, солға бұрылған автобус жүргізушісі оғансигнал беріп кетеді. Қоғамдық көлік жүргізушісінің бұл қылығы ұнамаған болукерек, ол автобусты қуып жетіп, жолын бөгейді. Кейін автобусқа кіріп, жүргізушінісоққыға жыққан. Пышақпен қорқытқан», - дейді компания өкілі.

Автобус жүргізушісіқашып шығып, жанармай бекітіндегі адамдардан көмек сұраған. Тәртіп сақшыларыбұзақыларды бір күннен кейін ұстады.

«Бұзақылар масболып шабуылдаған. Олар кінәсін мойындады, кешірім сұрады, моральдық шығынтөледі, жүргізуші кешірді», - деді компаниядағылар.