АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Mercedes» автокөлігі екі адамды қағып кетті. Жаяу жүргіншілер рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қайғылы оқиғакеше түнде Абай даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысы маңында болған.
Куәгерлердіңайтуынша, ер адам мен әйел адам рұқсат етілмеген жерде жолдан өтпек болған. Жүргізушітоқтап үлгермей, бар жылдамдықпен ер адамды қағып кеткен.
Салдарынан, 71жастағы ер адам оқиға орнында қазатапты. Әйел адам ауруханаға жеткізілді. Жантүршігерлік жол көлік оқиғасыныңбейнежазбасы Instagram-дағы павликтердіңбірінде пайда болды.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.