Алматыда екі апталық қайырымдылық шарасы өтті

None
; АЛМАТЫ. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда "Бірлігіміз жарасқан" акциясы аясында есту қабілеті нашар балалар мен олардың ата-аналарына арналған екі апталық қайырымдылық шарасы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш шара маусым айының 1-інде басталған болатын.

"Үміт" есту қабілеті нашар мүгедектерді қолдау орталығы мен Алматы қаласының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен акция барысында 460 бала Алматы қаласындағы ойын-сауық орталықтары мен демалыс орындарында тегін дем алды.

"Жыл сайын бізге қолдау көрсететін демалыс орындары мен парк басшыларына алғысымызды айтқымыз келеді. Сонымен қатар, Әуезов және Медеу ауданының білім бөлімдеріне шексіз құрметімізді білдіргіміз келеді. Олардың көмегімен біздің қарамағымыздағы сегіз бала жазғы демалыс лагеріне жолдама алды", деді "Үміт" есту қабілеті нашар мүгедектерді қолдау орталығының жетекшісі Аманбике Ерғалиева.