«16 наурызда таңғы 9:00 мен 20:00 аралығында Әуезов ауданында орналасқан Өтеген батыр көшесіндегі «Сайран» шағын ауданындағы ғимараттар мен үйлер суық судан ажыратылады»,- деді «Алматы су» МКК баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар, 17 наурызда таңғы 9:00 бен 18:00 аралығында Алмалы ауданында орналасқан Мақатаев–Райымбек–Мұратбаев–Есентай және Мақатаев–Гоголь–Мұратбаев шаршысындағы ғимараттарға су беру тоқтатылады.
Бұл жаңа су құбырын іске қосумен байланысты болып отыр.