Алматыда екі автокөлік көпір үстінен теміржолға құлап кетіп, үш адам зардап шекті - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі
деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Құтқарушылардың анықтағанындай, апат бүгін түнде оңтүстік астананың Жетісу ауданындағы Бұрындай көпірінде болған. «Мерседес» және «Субару» автокөліктері соқтығысып қалған соң, көпір шетіне шығып кетіп, теміржолға құлаған. Кейін көліктер жанып кеткен.
«Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
ТЖМ баспасөз қызметінің атап өткеніндей, Алматы-Бұрындай бағытындағы пойыздар тоқтатылып, тек тақ күндері жүретін пойыздар жүргізілді.
Жалын Алматы қаласы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 5 адамы және 1 техникасының арқасында жарты сағат ішінде сөндірілді.
«Таңғы сағат бес кезінде пойыздардың бағыты толықтай қалпына келтірілді», - деп аталып өтілген ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.