Алматыда екі бірдей полюске жасалған саяхатта түсірілген фото суреттердің көрмесі өтеді

АЛМАТЫ. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - К.Кужамьяров атындағы мемлекеттік республикалық ұйғыр комедия театры галереясында наурыздың 19-ы мен 28-і аралығында "Уақыт қайдан келеді" атты солтүстік және оңтүстік полюсіндегі экспедицияда түсірілген фото суреттер көрмесі өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Экспозицияға 100-ден аса фото суреттер қойылады. Бұған дейін бұл кадрлар әлемнің көптеген елдерін таң қалдырып, Ресейдің 20 қаласында қойылған.

Әлем тарихында аз уақыт ішінде екі полюске - оңтүстік және солтүстікке экспедиция жасалынды. Ол саяхатшылардың ішінде, әр түрлі мамандықтағы және жастағы, ең жас - 6 жастағы баладан, 60 жасқа дейінгі саяхатшылар бар. Оның барлығы - ресейліктер. Ұйымдастырушылардың айтуынша, олардың барлығын жергілікті уақыты жоқ және меридиандардың бір нүктеге тоғысатын жеріне баруға деген, Жер шарының екі нүктесіне жетуге деген ынтасы, тілек, арманы, қызығушылығы біріктіреді.

Экспедицияның негізгі мақсаты - барлық уақыт белдеулері қосылатын жердегі орында, уақыт ағымын зерттеу.