Алматы дәрігерлері Қапшағай көпірі маңында «Нива» көлігі қағып кеткен жаяу жүргіншіге қатысты ақпаратты жария етті.
«29 жастағы Александр Сыромягин бізде жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Көп жарақат алған, бас сүйегі де зақымданған», - деді № 4 қалалық клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінің кезекші дәрігерлері.
Еске сала кетейік, 16 қараша күні Қапшағай көпірінде рұқсат етілмеген жерден жүгіріп өткен жаяу жүргіншіні «Нива» жүргізушісі қағып кеткен болатын . Содан кейін, көлігінен шығып, жаяу жүргіншіге көмектескелі жатқанда оны жол талғамайтын Land Rover Freelander көлігі соққан. Соққыдан «Нива» жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды.
Оқиға бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.