Алматыда екі қабатты тұрғын үйден шыққан өрт сөндірілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екі қабатты тұрғын үйден шыққан өрт сөндірілді. Өрттің аумағы - 80 шаршы метрді құрады. Бұл туралы жаңа ғана Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.

 «Екі қабатты жеке тұрғын үйден шыққан өрт 19 сағат 22 минутта сөндірілді. Өрттің жалпы аумағы - 80 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ», - деді С. Баймұхамбетова.

Естеріңізге сала кетелік, бүгін 18 сағат 21 минутта Алматы қалалық ТЖД «101» кезекші бөліміне Медеу ауданы, Одесская көшесі 7 мекенжайында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен болатын. Алғашқы өрт сөндірушілер тобы оқиға орнына 8 минуттан кейін, яғни 18 сағат 29 минуттта келіп жетіп, өртті сөндіруге кірісті. Тілсіз жау 18 сағат 39 минутта ауыздықталды.