«31.07.2016 ж. Алматы ТЖД «101» пультіне Медеу ауданы, Одесская көшесінде жеке үйдің шатыры жанып жатыр», деген хабар түсті»,-деді Сандуғаш Баймухамбетова
Оның айтуынша, сағат 18:29-да оқиға орнына жеткен алғашқы өрт сөндіру құрамы бұл ақпаратты растады. Тілсіз жау сағат 18:39-да ауыздықталды. Өрт аумағы анықталып жатыр.
Зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ.