Алматы қаласындағы Әл-Фараби даңғылының Розыбакиев көшесімен қиылысында БМВ мен Мерседес көліктері соғылып, бір адам зардап шекті.
Мерседес жүргізушісінің айтуынша, екі көлікте батысқа қарай келе жатқан. Бір мезетте БМВ жүргізушісі көлік рөліне ие бола алмай бұлғалақтай бастайды. Қатты теңселген көлік әуелі жол ортасындағы темір қоршауға соғылып, кейін екпінімен Мерседесті барып ұрған.
Оқиға орнында БМВ жүргізушісі жарақат алып, жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Полиция жол апатының нақты себебін анықтауға кірісті.