Алматыда екі өрт оқиғасы болды, зардап шеккендер бар

АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Алматының түрлі аудандарында екі өрт оқиғасы болды, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Бүгін Алматыда Мартынов көшесінде орналасқан 57-ші үйде жеке тұрғын үй жалынға оранды. Өрт аумағы 10 шаршы метрді құрады. Оны сөндіру кезінде 1956 жылы туған ер адам мен 1967 жылғы әйел иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді. тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ-нің Алматы қаласы ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 5 адамы мен 1 техника бірлігі жұмылдырылды.

  Алматының басқа ауданы - Алатауда, Шығыс таңы шағынауданында бүгін Шоссейная көшесіндегі 26 үйдің ауласында орналасқан асхана мен қойма бөлмелерінде өрт болды. Кейіннен жалын тілі көршілес тұрған 28-ші жеке тұрғын үйді шарпыды. Өрт аумағы 800 шаршы метрді құрады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті жоюға ҚР ТЖМ-нің Алматы қаласы ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 87 адамы мен 21 техника бірлігі жұмылдырылды.