Бұл туралы қалалық ІІД Анықтау басқармасының басшысы Рустам Абдрахманов айтты.
Жол апаты 24 маусымда болған.
Опель Вектра көлігі көшенің шетінде тұрғын әйелді қағып кеткен. Соққыдан 5 метр жерге ұшып кеткен әйелді инерциямен қозғалған көлік таптап өткен.
39 жастағы әйел қазір №7 ауруханада ем қабылдап жатыр. Ол жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.
«Аталған дерекке байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жапа шеккен қызға келтірілген жарақат деңгейіне қарай процессуалдық шешім қабылданады», - деді Р.Абдрахманов.