Биыл басқарма «Қарасу» және Жас қанат, Маяк шағынаудандарында рекреациялық аймақ құрылысын аяқтап жатыр.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында «Достық» саябағы мен «Жетісу-3» шағынауданындағы сквер абаттандырылады.
«Жаңа Алматы» жоспары бойынша атқарылып жатқан жұмыс нәтижесінде 2 саябақ пен 20 сквер, 7 жаяу жүргіншілер көшесі мен 16 жасыл аймақ көркейеді. Жалпы алғанда 284 гектар жер абаттандырылады» , - деді Наталья Ливинская.
Өткен жылмен салыстырғанда 7 саябақ пен сквер, 5 жасыл аймақ абаттандырылады.