деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Би алаңында Роман кездейсоқ әлгілердің біреуін қолымен қағып кеткен. Оның арты жанжалға ұласып, құр кешірім сұрауды қабыл алмаған олар ақша бопсалауға кіріседі. Зардап шегуші ақшаларды бермес бұрын тәртіп сақшыларына хабарласып көмек сұраған. «Біз барлық қажетті әрекетті пайдалана отырып ақшаны тапсыру кезінде күдіктілерді қылмыс үстінде құрықтадық», дейді Алматы қаласы ІІБ ұйымдасқан қылмыспен күрес басқарма бөлімінің бастығы, полковник Валерий Козлов.
Сондай-ақ ол арнайы операцияны қаладағы сауда орталықтарының біріндегі көлік тұрағында кешкі сағат жеті жарым шамасында өткізгендігін және оған арнайы әрекет отрядының жауынгерлері жұмылдырылғанын айтады.
«Ұсталғандардың еш қайсысы бұрын қылмыстық жауапқа тартылмаған. Олардың барлығы Павлодар облысының тұрғындары болып шықты. Яғни жерлестік мақсатында біріккен олар қылмыстық ақуалға бой алдырған. Екі студенттің оқу орындары оларға жағымды мінездеме берген. Қазіргі уақытта бопсалау бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталушылардың әр қайсысының кінәсы анықталуда», дейді В. Козлов.