Алматыда екі троллейбустың бағыты өзгерді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда екі троллейбустың бағыты уақытша өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, жылу желілерін жөндеу жұмыстарынан Гагарин даңғылында жол жабындысының зақымдалуына байланысты 30 маусымнан бастап №1 және №9 троллейбустың бағыты уақытша өзгерді.

«Гагарин даңғылының Есқараев көшесінен Ходжанов көшесіне дейінгі бөлігінде №1 және №9 маршруттардың сызбасына уақытша өзгеріс енгізілді. Троллейбустар Тимирязев көшесінің батысымен – Розыбақиев көшесінің оңтүстік жағымен – Березовский көшеснің шығыс жағымен – Гагарин даңғылының солтүстік бөлігімен, одан әрі маршрут бойынша жүреді», - делінген хабарламада.

Бұған дейін жол жөндеу жұмыстарына байланысты Абай даңғылында көлік қозғалысы уақытша шектелетіні туралы жазған болатынбыз.