Оқиға Ғанибет пен Қарағанды көшелерінің қиылысында болды.
«Аталмыш факті сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай реестріне ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы - абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша тіркелді. Қылмыстық істі Полиция департаментінің тергеу басқармасы жүргізіп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінен.