Алматыда екі жігіт достарының көлігін қиратып тастады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жолдың бойында тұрған көлікті екі жігіт қиратып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Видеодан алынған кадр/@kris_p_almaty_official

Алматы көшелерінің бірінде тұрған көліктің алдыңғы терезесін екі жігіттің қиратқаны туралы видео әлеуметтік желіде тарады. Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы тексеріс жүргізгенін хабарлады.

«Көлік иесі анықталды, ол достары пранк ұйымдастырғанын айтты. Сонымен қатар, ер адам ешкімге шағымы жоқ екенін түсіндірді», – деп хабарлады қалалық полиция департаменті.