Алматыда екі жолаушылар автобусы соқтығысты

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -  Алматыда екі жолаушылар автобусы соқтығысып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі оқиға орнынан.

Жол-көлік апаты Сейфуллин мен Мамедова көшелерінің қиылысында болған. №30 бағдарлық автобус жүргізушісінің айтуына қарағанда,  ол Сейуллин көшесімен төмен қарай келе жатқан. Кенет  алдындағы  №20 бағдарлық  автобус шұғыл тежегішін басады. Онымен соқтығысудан қашқан алғашқы автобус жүргізушісі солға кілт бұрып, жанындағы Hummer маркалы көлікті қаққан.
 

Қатты соққыдан автомобиль қарсы жолаққа шығып кетіп, Сейфуллинмен оңтүстік бағытқа қарай келе жатқан Lexus автомобилімен соқтығысады. Ал оның соңындағы Mercedes  жүргізушісі  мұны дер кезінде аңғара алмай Lexus-тің артынан кіріп кеткен.
 

Апат салдарынан №20 бағдарлық автобустың жолаушысы зардап шекті. 

Жол апатына Алматыда жауған қалың қардың салдарынан көлік кептелісінің болуы да әсер еткен. 
   

Соңғы жаңалықтар