Алматыда «Екі жұлдыз» жобасының екінші маусымы басталады

АЛМАТЫ. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Кеше Алматыда «Екі жұлдыз» жобасы екінші маусымның тұсауын кесті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жолы аталмыш жоба «Қазақстан» ұлттық арнасының тапсырысы бойынша, «Адам продакшнс» продюсерлік компаниясының ұйымдастыруымен түсірілмек. Қазақстан Ұлттық арнасының меншігіндегі жоба, Швеция «Зодиак» компаниясына тиесілі. Бағдарлама «Тау терминал» аумағында түсіріледі. Алғашқы хабар наурыз айының 13-де, екінші хабар наурыз айының 21-де түсіріліп, Қазақстан Ұлттық арнасынан көрсетілетін болады.

«Гоголь» ойын-сауық орталығында өткен екінші маусымның тұсаукесер рәсіміне саясат, өнер, медиа-нарық, сондай-ақ эстрада жұлдыздары қатысты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Екі жұлдыз» жобасы әлемнің 9 елінде үлкен жетістікпен өткізіліп келеді. Ресейде «Две звезды» атымен белгілі бұл шоу хабар Қазақстанда да өзінің аудиториясын да жинап үлгеріп, көрермендердің сүйікті хабарларының біріне айналды.