АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда 2018 жылдан бері студенттерге 19 жатақхана салынды. Бұл туралы барифинг кезінде «Қаржы орталығы» АҚ Ілгерілету және сыртқы коммуникация департаментінің директоры Айнұр Сағындықова мәлім етті.
Спикердің сөзінше, Алматыда жатақхана салу бойынша бәсекелестік төмен.
«Алматыда 2018-2021 жылдар аралығында 3970 төсек-орындық 19 студенттік жатақхана пайдалануға берілді. Биыл мегаполис 1696 орындық 3 студенттік жатақхананы пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Алматыда жатақхана салу бойынша бәсекелестік төмен», – деді ол.
Бұған дейін ол Қазақстанда 84 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж екенін айтқан болатын.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.