Құтқарушылардың ақпараты бойынша, өртенген аудан 300 шаршы метрді құрайды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бірақ, тілсіз жаудың салдарынан үй мен «Ауди» маркалы көлік түгі қалмай жанып кетті.
Алматы қаласы төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің жеке құрамының 32 адамы мен 7 техниканың күшімен өрт 1,5 сағаттың ішінде ауыздықталды.