Тренингтің негізгі мақсаты - қоршаған ортаны қорғау бойынша алған білімдерін қайталау және бекіту. Ал курстың мақсаты - ерікті-мұғалімдерді экологияның негізіне оқыту; оқу соңында бұл ақпараттарды ұстаздар оқушыларды дайындауда қолданатын болады. Тренинг экологиялық ағарту бойынша ұсынымдар негізінде жасалған. Қайталау курсы биылғы жылы сәуір айында өтті. Екі күндік тренингте қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәселелер бойынша Алматы қаласы мысалға алынып, қаралған болатын.
Еуропалық Одақтың жобасы ағымдағы жылы қаңтар айында басталды. Оны қаржыландыруға 150 000 еуро бөлінген. Жобаны ҚР Қызыл Ай қоғамы іске асыруда.