Алматыда экологиялық технологиялар туралы конференция өтіп жатыр

АТЫ. 3 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда "EcoTech -2010" көрмесі аясында "Шығарындыларды қысқарту мақсатында ынтымақтастықта жұмыс істеу. Талдау, сұрақтар, үздік технологиялар және тәжірибе" деп аталатын конференция өтіп жатыр.

Оны "Iteca" көрме компаниясы Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығы, Қазақстандық тұрақты дамуға арналған табиғат пайдаланушылар қауымдастығы мен Мұнай-газ саласындағы заңгерлер қауымдастығымен ынтымақтаса отырып ұйымдастырды. Биыл алтыншы рет өтіп жатқан экотехнологиялар мен экоқызметтердің "ЕcоТech -2010"көрмесі 2 қараша күні ашылған болатын. Ол бейсенбіге дейін жұмыс істемек.

Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Элдана Сәдуақасованың айтуынша, конференция жұмысына 100-ден астам делегат қатысуда. Конференцияның пленарлық мәжілістері - "ҚР Киот хаттамасына сәйкес міндеттемелері: мүмкіндіктер мен келешегі", "Ластаушы заттарды шығаруды қысқартуға арналған технологиялар мен тәжірибелер: мысалдар, нәтижелер, жетістіктер" деген тақырыптар бойынша жүріп жатыр.