Оны Еуразия даму банкі ұйымдастырып отыр. Конференция жұмысы мына секциялар бойынша өтпек: «Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік: кеңею келешегі», «Еуразиялық ықпалдастық ағымдары: теориялық және салыстырмалы контекст», «ТМД-дағы еңбек және оқу миграциясы», «Аймақтағы қаржылық ықпалдастық», «ТМД елдеріндегі өзара инвестиция мен сауда», «Инновациялық даму және жоғары технологиялық келешек: мемлекетаралық қырлары», «Көлік инфрақұрылымы ықпалдастығы» (ЕурАзЭҚ кешенді жоспары), «Энергетика және энерготиімділік», «Еуразия аймағындағы инвестициялық қызметтің экологиялық және әлеуметтік қырлары», «ЕурАзЭҚ Дағдарысқа қарсы қоры қызметі және аймақтағы бірлескен дағдарысқа қарсы стратегия».
Оған ЕурАзЭҚ пен ТМД-ның мүше-мемлекеттеріндегі жетекші ғалымдар, сарапшылар мен мамандар шақырылып отыр. Бұл жиында ЕурАзЭҚ пен ТМД-ның мүше-мемлекеттеріндегі экономикалық ықпалдастық тәжірибесі қорытылып, олардың арасындағы көпнұсқалы әрекеттестік пен ынтымақтастықтың жаңға жолдары іздестіріледі. Бірыңғай еуразиялық экономикалық кеңістікті қалыптастырудың келешегі бағаланады. Сондай-ақ аймақтағы елдердің дағдарысқа қарсы шараларын үйлестіру мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр.