Алматыда экономиканы жаңарту туралы халықаралық конференция өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанның пайдаланылмаған қорларын іске қосу арқылы даму қарқынын қайта үдетуге мүмкіндігі бар. Бұл бүгін Алматыда "Қазақстан экономикасын жаңарту: дағдарыстан кейінгі дамудың көкейкесті мәселелері" деп аталатын ХIV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды.

"Бұл шара Халықаралық бизнес университетінің құрылған күніне орай жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатыр. Біз биыл 8 қараша күні жоғары оқу орнының 18 жылдығын атап өттік. Биыл ол "Қазақстан - 2030" бағдарламасының 10 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр", -дейді Халықаралық бизнес университетінің ректоры, экономика ғылымының докторы Геннадий Гамарник.

Ғалымның пайымдауынша, Қазақстан өзінің жоспарлаған мақсатына біртіндеп қол жеткізіп жатыр. Мәселен "Бизнес жүргізудің жеңілдігі" көрсеткіші бойынша Қазақстан қазір әлемде 59 орында тұр. Бір жылдың ішінде 63-тен 59 дейін көтерілу соның нақты айғағы. Қазір еліміз 2020 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламада әлеуметтік дамуға ерекше мән беруде. Жалпы алдағы 10 жылда Қазақстан экономикасының шикізатқа тәуелділігін азайтуда шикізаттық емес сектордың үлесі 40 пайызға, ал еңбек өнімділігі 2 есе ұлғаймақ.