Алматыда экономиканың үдемелі дамуын қамтамасыз етуде 3 басым бағыт айқындалды - Ахметжан Есімов

АТЫ. 12 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Өндірісте Алматы қаласының үлесі Қазақстанның жалпы ішкі өнімінде 20 пайызға жуық.

Біз қалаға қандай жауапкершілік жүктелетінін айқын түсінеміз. Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов бұл жайлы бүгін Елбасының қатысуымен өткен Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған алқалы жиында айтты.

"Алматыда экономиканың үдемелі дамуын қамтамасыз етуде аймақтық ерекшелігі мен әлеуметтік мүмкіндіктерін ескере отырып 3 басым бағыт айқындалды. Біріншісі, Алатау ауданында 90 га. алқапта индустриалдық аймақты дамыту. Екіншісі, Алматы өңірінде туризмді, әсіресе тау шаңғысы спортын дамыту. Үшіншісі, қаланың барлық көлік жүйесін кешенді дамыту", - деді ол.

Қала әкімінің сөзіне қарағанда, Алатау ауданындағы өнеркәсіптік аймақта 110 өнеркәсіптік және коммуналдық кәсіпорындарды орналастыру жоспарлануда. 7-қысқы Азия ойындары кезінде халықаралық деңгейде шаңғымен тұғырдан секіру кешені салынып, "Медеу" мұз айдыны жаңартылып, "Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты жетілдірілді. Ондағы трассалар әлемдік стандарттарға толық сәйкес келеді. Тау шаңғысы курортын дамыту жобасын одан ары жүзеге асыру туризм саласының ЖІӨ-дегі үлесін 10 пайызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ал үшінші бағыттағы жұмыстар көлік жүйесін ғана емес, қаладағы экологиялық мәселелерді шешуге оң ықпалын тигізбек. Қазіргі таңда муниципалды автобус паркі жұмыс жасауда. Еуропа қайта құру және даму банкінің кредиті есебінен 200 автобус газ отынына көшірілді. Жыл соңына дейін аталмыш банктің кредитіне қазіргі заманғы 200 троллейбус алынбақ. Сондай-ақ қоғамдық көлікті газға ауыстыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.