Алматыда ЕҚЫҰ саммиті мен 2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарын насихаттауға арналған веложарыс өтеді

АЛМАТЫ. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Ертең, қазанның 31-і күні Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімовтың қатысуымен кезекті веложарыс өтеді.

Жексенбідегі веложарыс ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының алдағы саммиті мен 2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарын насихаттауға арналады.

Веложарысқа тілек білдіруші кез келген азамат қатыса алады.