Алматыда ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай мемлекеттік және құқық қорғау органдары командалары арасында шағын футболдан жарыс өтеді

None
АЛМАТЫ. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда желтоқсанның 11-і күні Республикалық спорт колледжінің спорт кешенінде ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен кеден органының құрылғанына 20 жыл толуына орай, Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы мемлекеттік және құқық қорғау органдары командалары арасында шағын футболдан жарыс өтеді.

Мерекелік турнирге Алматы қаласы әкімдігінің, қалалық прокуратураның, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің, Төтенше жағдайлар департаментінің, Ішкі істер департаментінің, сондай-ақ, Республикалық Ұлан, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Шығыс» аймақтық басқармасының, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің және Кедендік бақылау департаментінің құрама командалары қатысады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметкерлердің арасында салауатты өмір салтын насихаттау, қызметтік-қолданбалы спорт түрлерінің бұқаралылығын арттыру болып табылады.