Алматыда Елбасының құрдастары бас қосты

None
АЛМАТЫ. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда «Елбасының 70 құрдасы» деп аталатын шара өтіп жатыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оны Студенттік құрылыс және жастар еңбек отрядтары қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр. Бұл шараға «Құрдастар» қоры, «Ақ орда» республикалық қозғалысы, «Аруана» мейрамханасы, «Аслан» ЖШС-і қолдау көрсетті. Бұл басқосуға шақырылған қонақтар арасында Елбасының сыныптастары, замандастары, «Алтын алқа» иегерлері, қоғамның әртүрлі саласында жемісті еңбек еткен қайраткерлер бар. Мақсат - аға буын өкілдерін бір дастархан басына жинап, тәуелсіздік жолындағы ерен ерліктеріне құрмет көрсету», дейді Студенттік құрылыс және жастар еңбек отрядтары қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Алмасбек Нұғманов. Онда басқосуға жиналған қауымға Қорғаныс министрлігі ансамблінің өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашып, мерекелік көңіл күй сыйлауда.