«13 тамызда 17:42-де подстанса территориясынан тыс аймақта 6-10кВ кабельдердің өртенуіне байланысты N 168А «Есентай» стансасында жарық беру тоқтатылды. Қазір тұтынушыларды басқа стансаларға қосу жұмыстары жалғасып жатыр. Зақымдалған кабельдер қайта жөнделіп жатыр. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мамандары барлық қолайсыздықтарды шешіп, тез арада тұтынушыларға жарық беретін болады»,- деді Алатау Жарық компаниясынан.
Кабельдердің не себепті өртенгені анықталып жатыр.
Айта кету керек, жарықтың өшіп қалуынан кей көшелерде бағдаршамдар істен шығып, кептеліс пайда болды.