Алматыда электр желісінде ақау орын алды

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Кеше Алматыда 35 кВ желісінде ақау орын алып, Манас-Мыңбаев көшесі бойында №4 ток беруші стансы өшірілді. Нәтижесінде қала аудандарында жарық берілу тоқтатылды,

  деп хабарлайды ҚазАқпарат «АПК»АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

         «АПК» баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі кезде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Осыған байланысты Сейфуллин-Розыбақиев-Тимирязев-Қабанбай батыр көшелерінің аумағында жарық берілу уақытша тоқтатылды.